Cерік Сәпиев ел чемпионатында ерекше көзге түскен үш боксшының есімін атады

О Сансызбай Корреспондент
Cерік Сәпиев ел чемпионатында ерекше көзге түскен үш боксшының есімін атады
Фото ©️ Weproject.kz

Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев Шымкентте өткен ел чемпионатында ерекше шеберлігімен көзге түскен үш боксшының есімін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

- Маған кімдердің жекпе-жегі ұнады дейсіз бе? Олар – Олжас БайниязовАсланбек Шымбергенов және Әділбек Ниязымбетов. Бәрі де жақсы жұдырықтасты. Бірақ үшеуін ерекше атап өтуге болады, - деді Серік Сәпиев.

Ал жас боксшылар арасында Санатәлі Төлтаевтың жұдырықтасуын жоғары бағалады.

Айта кетейік, бокстан ХХV ел чемпионаты бүгін өз мәресіне жетті. Жалпыкомандалық есеп бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының боксшылары бірінші орын алды. Олар 3 алтын 2 күміс 3 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынға Маңғыстау облысының боксшылары ие болса, үштікті Жамбыл облысының боксшылары түйіндеді. Жеңімпаз атанған боксшылар жайлы мына сілтеме арқылы толық біле аласыздар.