"Барыс" сырт алаңда "Нефтехимикті" ұтты

О Сансызбай Корреспондент
"Барыс" сырт алаңда "Нефтехимикті" ұтты
Фото ©️ Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын Астананың "Барысы" Нижнекамскіде "Нефтехимикті" ұтты. Ойында елордалық ұжым 3:0 есебімен жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Құрлықтық хоккей лигасының қыркүйек айындағы үздік шабуылшысы атанған Найджел Доус бірінші болып есеп ашты. Нәтижесінде бірінші кезеңнің 10 минутында "Барыс" алға шықты. Ал екінші кезеңде командалар шайба соға алған жоқ.

Ойын аяқталар тұста мұз айдын иелері есепті теңестіру үшін алға ұмтылды. Қақпашыны ойыннан шығарып, шабуылға иек артты. Алайда "Нефтехимиктің" соңғы минуттардағы бұл жүйесі "Барыс" ойыншыларына қол болды. 58 минутта команда капитаны Найджел Доус ашық қақпаға екінші шайбасын соқты. Ойынның аяқталуына санаулы секунд қалғанда Линден Вей мұз айдын иелері қақпасына үшінші шайбаны енгізді.

"Нефтехимикпен" өткен кездесуден кейін 26 ұпай жинаған "Барыс" Шығыс конференцияда бесінші орынға көтерілді. Елордалық ұжым келесі ойынын 4 қазан күні Минскіде "Динамоға" қарсы өткізеді.

"Нефтехимик" — "Барыс" 0:3 (0:1, 0:0, 0:2)

Шайбалар:

0:1 — 09:46 Доус (Вей, Сен-Пьер). Тең құрамда
0:2 — 58:43 Доус. Тең құрамда, ашық қақпа 
0:3 — 59:55 Вей. Тең құрамда, ашық қақпа 

"Нефтехимик": Ежов — Брынцев, Сергеев, Шарипзянов, Фазылзянов, Пиганович, Огурцов, Граборенко — Аркалов, Авцин, Шиксатдаров, Рау, Нестрашил, Порядин, Галимов, Секстон, Хайруллин, Ганзл, Якимов, Здунов;

"Барыс": Карлссон 00:00-23:24, Кудрявцев 23:34-60:00 — Савченко, Шалапов, Семёнов, Полохов, Даллмэн, Липин, Орехов, Сауторн — Жайлауов, Доус, Вей, Белгібаев, Никулин, Акользин, Маркелов, Гурков, Пушкарёв, Сагадеев, Сен-Пьер, Шевченко.

Айып уақыты: 8:42 (2:6, 4:34, 2:2)

Бас төрешілер: Андрис Ансонс, Максим Сидоренко