Чемпиондар лигасы. Месси алғаш рет Буффон қақпасына гол соқты

О Сансызбай Корреспондент
Чемпиондар лигасы. Месси алғаш рет Буффон қақпасына гол соқты
Фото ©️ Eurosport

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталды. Назарларыңызға түнде өткен ойындар нәтижесі мен бүгін өтетін ойындар кестесін ұсынамыз.

БӨЛІСУ

Әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Месси тағы бір жетістікке жетті. Чемпиондар лигасында Джанлуиджи Буффон қорғаған қақпаға гол соқты. Осыған дейін шабуылшы италиялық қақпашының қақпасына доп соға алмай келген еді. Месси түнде бір емес, екі гол соғып жанкүйерлерін қуантты.

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде екі ойын қорытындысы бойынша "Астананы" жарыс жолынан шығарған "Селтик" өз алаңында Париждің ПСЖ командасынан 5:0 есебімен ұтылды.

Чемпиондар лигасы, топтық кезең. Бірінші тур

«А» тобы

«Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Базель» (Швейцария) – 3:0
Голдар: Феллайни, 35, Лукаку, 53, Рэшфорд, 84

«Бенфика» (Португалия) - ЦСКА (Ресей) – 1:2
Голдар: Сеферович, 50 – Витиньо, 63 (пен), Жамалетдинов, 71

«B» тобы

«Бавария» (Германия) - «Андерлехт» (Бельгия) – 3:0
Голдар: Левандовски, 12 (пен), Алькантара, 65, Киммих, 90+1
Ойыннан қуылды – Кумс, 11 («Андерлехт»)

«Селтик» (Шотландия) - ПСЖ (Франция) – 0:5
Голдар: Неймар, 19, Мбаппе, 34, Кавани, 40 (пен), 85, Люстиг, 83 (автогол)

«C» тобы

«Челси» (Англия) - «Карабах» (Әзірбайжан) – 6:0
Голдар: Педро, 5, Дзаппакоста, 30, Аспиликуэта, 55, Бакайоко, 71, Батшуайи, 76, 82

«Рома» (Италия) - «Атлетико» (Испания) – 0:0

«D» тобы

«Барселона» (Испания) - «Ювентус» (Италия) – 3:0
Голдар: Месси, 45, 69, Ракитич, 56

«Олимпиакос» (Грекия) - «Спортинг» (Португалия) – 2:3
Голдар: Пардо, 89, 90+3 - Думбия, 2, Мартинш, 13, Фернандеш, 43

Бүгін «Е», «F», «G» және «Н» тобындағы ойындар өтеді. Барлық ойындар Астана уақытымен сағат түнгі 00:45-те басталады.

«E» тобы

«Ливерпуль» (Англия) - «Севилья» (Испания)
«Марибор» (Словения) – «Спартак» (Ресей)

«F» тобы

«Фейеноорд» (Нидерланд) - «Манчестер Сити» (Англия)
«Шахтер» (Украина) – «Наполи» (Италия)

«G» тобы

«Лейпциг» (Германия) - «Монако» (Франция)
«Порту» (Португалия) - «Бешикташ» (Түркия)

«H» тобы

«Реал» (Испания) – АПОЭЛ (Кипр)
«Тоттенхэм» (Англия) - «Боруссия» (Дортмунд, Германия)