Галбадрах Отгонцэцэг әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Галбадрах Отгонцэцэг әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото ©️ Informburo.kz

Дзюдодан Венгрия елінің астанасы Будапештте басталған әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақтағы қыздар арасында Галбадрах Отгонцэцэг жартылай финалға шықты. Ал ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шыққан Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев жұбаныш белдесу арқылы қола жүлдеге қол созатын болады.

БӨЛІСУ

Елдос бірінші белдесуінде Мозамбик елінің дзюдошысы Нэусо Сигаукиемен кездесті. Сәті келгенде қарсыласының қолын ауырту арқылы айқын жеңіске жетті. Екінші кездесуінде бразилиялық спортшы Эрик Такабатакемен кездесіп, шешуші сәтте қарсыласы шито алып жеңіске жетті. Үшінші белдесуінде ирандық Мұхаммед Рашнонеджадтан айласын асырды. Алайда ширек финалда әзірбайжан балуаны Орхан Сафаровқа жол беріп алды. Үш шидо алып, уақытынан бұрын жеңілді.

Елдос Сметов жұбаныш белдесу арқылы қола медальға таласатын болады. Қарсыласы – моңғол Ганбат Болдваатар. Оны жеңсе қола жүлде үшін тағы бір кездесу өткізеді.

Бұл салмақта Ғұсман Қырғызбаев та тамаша күресті. Алдымен француз Седрик Риволды, одан кейін италиялық Елиос Манзиді жарыс жолынан шығарды. Үшінші белдесуінде моңғол Дашдава Амартувшиннен басым түсті. Ширек финалда чех Павел Петриковпен жолы түйісіп, жартылай финалға шыға алмады. Шығып-ақ тұрған еді, бірақ төрешілер негізгі уақытта берген ваззари ұпайын кері қайтарды. Бұл жеңіп тұрған Ғұсманның жүйкесіне жүк түсіргені анық. Нәтижесінде Бұл жеңіп тұрған Ғұсманның жүйкесіне жүк түсіргені анық. Нәтижесінде Golden Score cынында чех дзюдошысының жолы болып кетті. Ғұсман да жұбаныш белдесу арқылы өзбек Мухриддин Тилоловпен кездесіп, қола медальды жеңіп алу үшін күш салатын болады.

Қыздар арасында 48 келіге дейінгі салмақта Галбадрах Отгонцэцэг жарысты екінші кезеңнен бастады. Италиялық Милани Францисканы ескертулер есебі бойынша жеңіп шықты. Одан кейін украиналық Дарья Велодедті әдіске салып, иппонмен жеңді. Ширек финалда Израиль елінен келген Ноа Минскерден айласын асырып, жартылай финалға шықты. Онда Галбадрах жапон Фуна Тонакимен кездесетін болады.

Финалдық кездесулер Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.