Демеу Жадыраев әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

О Сансызбай Корреспондент
Демеу Жадыраев әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді
Фото ©️ United World Wrestling

Қазақ балуаны Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Парижде өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды.

БӨЛІСУ

71 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз финалда неміс балуаны Франк Штеблерге есе жіберіп алды. Қарсыласы 8:3 есебімен жеңіске жетті.

Демеу финалға дейінгі белдесулерінің барлығында қарсыластарынан мықты екенін байқатты. Жартылай финалда Еуропа чемпионы венгр Балинт Корпашиді жеңді. Кейіннен венгр балуаны қола медальға қол жеткізді.

Демеу Жадыраев осыған дейінгң әлем чемпионаттарында жүлделі орыннан көрінбеген. Осы жетістігі арқылы ол Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағын иеленгелі отыр.

Айта кетейік, грек-рим күресінен әлем чемпионатының финалына соңғы рет 6 жыл бұрын Алмат Кебіспаев шыққан еді.