Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан намысын 13 спортшы қорғайды

Жандарбек Жұмағұлов Корреспондент
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан намысын 13 спортшы қорғайды
Фото ©️ otweet.com

4-13 тамыз аралығында Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында жеңіл атлетикадан XVI әлем чемионаты өтеді. Әлемдік додада еліміздің намысын 13 атлет қорғайды. 

БӨЛІСУ

Әлем чемпионатының нормативін орындау уақыты 23 шілде күні аяқталды. Осы уақыт аралығында спорттық жүрістен 4 атлет, 2 марафоншы, 2 үш қарғып секіруші, әйелдер арасында 100, 200 және 4х100 метрге командалық эстафетадан Қазақстан құрамасының спортшылары жолдама алған болатын. Өкінішке қарай, жарақатына байланысты марафоншы Ирина Смольникова әлем чемпионатынан бас тартты. Виктория Зябкина жекелей сында тек 200 метрге жүгіретін болды.

Қазақстан құрамасы:

1. Ольга Рыпакова (Шығыс Қазақстан облысы) – үш қарғып секіру

2. Мария Овчинникова (Қарағанды облысы) – үш қарғып секіру

3. Виктория Зябкина (Алматы қаласы) – 200 метрге және  4х100 эстафетаға жүгіру

4. Георгий Шейко (Батыс Қазақстан облысы) – 20 шақырымға спорттық жүріс

5. Полина Репина (Батыс Қазақстан облысы) – 20 шақырымға спорттық жүріс

6. Регина Рыкова (Оңтүстік Қазақстан облысы) – 20 шақырымға спорттық жүріс

7. Диана Айдосова (Алматы қаласы) – 20 шақырымға спорттық жүріс

8. Елена Наназиашвили (Алматы қаласы) – марафон

9. Ольга Сафронова (Павлодор облысы) – 4х100 эстафеталық жүгіру

10. Юлия Рахманова (Алматы қаласы) –  4х100 эстафеталық жүгіру

11. Рима Кашафутдинова (Қарағанды облысы)  –  4х100 эстафеталық жүгіру

12. Светлана Голендова (Жамбыл облысы) –  4х100 эстафеталық жүгіру

13. Анастасия Тулапина (Алматы қаласы) – 4х100 эстафеталық жүгіру