Қазақ боксшылары қашан, қайда және кіммен жекпе-жек өткізеді?

Жандарбек Жұмағұлов Корреспондент
Қазақ боксшылары қашан, қайда және кіммен жекпе-жек өткізеді?
Фото ©️ elconfidencial.com

Қазақстандық боксшылар кәсіпқой рингті жақсы меңгеріп жатыр. Қазіргі уақытта 58 кәсіпқой боксшы бар. Vesti.kz басылымы отандастарымыздың қашан, қайда және кіммен жұдырықтасатыны жайлы мәліметті жариялады.

БӨЛІСУ

4 тамыз, Сочи (Ресей)

Иса Ақбербаев (18-0-0, 13 КО) - Юрий Барашьян (28-9-0, 19 КО). WBA Asia West чемпионына талас.

4 тамыз, Детройт (АҚШ)

Бахтияр Эюбов (13-0-0, 11 КО) - Сонни Фредриксон (17-0-0, 11 КО).

26 тамыз, Астана

Фируза Шәріпова (6-1-0, 4 КО) - қарсыласы анықталмады. WBA International чемпионына талас. Сондай-ақ, бокс кешінде Виктор Коточигов (4-0-0, 2 КО); Ержан Залилов (8-0-1, 3 КО) жекпе-жек өткізуі керек.

9 қыркүйек, Астана

Жанқош Тұраров (21-0-0, 15 КО) - қарсыласы анықталмады; Жәнібек Әлімханулы (1-0-0, 1 КО) - қарсыласы анықталмады; Мейірим Нұрсұлтанов (3-0-0, 2 КО) - қарсыласы анықталмады; Руслан Мырсатаев (3-0-0, 3 КО) - қарсыласы анықталмады; Айдос Ербосынұлы (6-0-0, 5 КО) - қарсыласы анықталмады; Димаш Ниязов (11-0-3, 5 КО) - қарсыласы анықталмады; Әли Ахмедов (7-0-0, 5 КО) - қарсыласы анықталмады; Нұрсұлтан Жанабаев (2-0-0, 1 КО) - қарсыласы анықталмады.

16 қыркүйек, Лас-Вегас (АҚШ)

Геннадий Головкин (37-0-0, 33 КО) - Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) - WBC, WBA (Super), IBF және IBО тұжырымдары бойынша чемпион белбеуіне талас.

Сондай-ақ, андеркартта Бобыржан Момынов (3-0-0, 3 КО) кездесу өткізуі мүмкін.

21 қазан, Белфаст (Солтүстік Ирландия)

Жанат Жақиянов (27-1-0, 18 КО) - Райан Барнетт (17-0-0, 9 КО). WBA және IBF тұжырымдары бойынша ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуге талас.