Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған велошеру өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған велошеру өтеді
Фото ©️ massaget.kz

«Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған велошеру маусымның 4-і күні өтеді.

БӨЛІСУ

Белсенді тынығу әуесқойлары алтыншы мәрте сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығының маңында жиналып, ұйымдастырушылар атынан сөре нөмірлерімен, бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысуға мүмкіндік алады. Содан соң, велошеру қатысушылары кішкене шынығып, сағат 09:00-да доданы бастайды.

Осы жолы, велосипедшілер 9 шақырымды жүріп өтеді. Велошеру қатысушылары Әл-Фараби даңғылынан ҚР бірінші президенті саябағының жанында мәреге жетеді. Мәреде, қатысушылар бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатыса алады. Әдеттегідей, спортшылардың бірі басты сый – велосипедтің иегері атанады.

Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқамасының хабарлауынша, қауіпсіздік мақсатында, міндетті талаптардың бірі – қорғаныш шлемін кию.

Айта кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» жобасының қолдауымен осымен алтыншы мәрте өткізіледі, жалпы осы жылы 21 велошеру жоспарланған. Бағдарлама Алматыда бұқаралық спорттың дамуына, белсенді спорттық тынығуды елге танытуға бағытталған.