Илья Ильин: "Келесі кезекте – мен..."

Жандарбек Жұмағұлов Корреспондент
Илья Ильин: "Келесі кезекте – мен..."
Фото ©️ qazaquni.kz

Қазақ елінің мақтанышы болған Олимпиада чемпионы Илья Ильин қазақстандық ауыр атлетші қыздардың спорттан шеттетілуіне қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы ол өзінің твиттер желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

БӨЛІСУ

Ильин: "Біздің қыздарды, әрине, аяймын! Келесі кезекте мен тұрмын", - деп жазды. 

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан ауыр атлетика қауымдастығының қолдауымен құрылған қорғаушылар мен зерттеуші мамандар тобы қазақстандық спортшылардың допинг сынамаларын қайта қарап, зерттеудің барлық кезеңінде спортшыларды қолдау мақсатында өз нәтижелерін ұсынған болатын. IWF тәртіптік-бақылау комитетінің шешімі бойынша Светлана Подобедова 8 жылға спорттан шеттетілді. Ал Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло 2 жыл жарыстарға қатыспайтын болады. Спорттан шеттету туралы шешім 2016 жылғы 26 мамырдан бастап күшіне енеді.