"Реал" қорғаушысы "Қайрат" қақпашысын үздік атануымен құттықтады

О Сансызбай Корреспондент
"Реал" қорғаушысы "Қайрат" қақпашысын үздік атануымен құттықтады
Фото ©️ ESPN

"Реал" футбол клубының қорғаушысы Марсело "Қайрат" футзал командасының қақпашысы Игитаны жылдың үздік қақпашысы атануымен құттықтап, қолдау білдірді.

БӨЛІСУ

Игитаның "Instagram"  желісіндегі хабарламасына әйгілі футболшы:"Уау-уау, құттықтаймын ағасы! Мен саған қашан да жанкүйерлік танытамын. Сен бұл марапатқа лайықсың!" - деп пікір қалдырған. Қақпашы да отандасының құттықтауына өз алғысын білдірді.

Марсело мен Игита Рио-де-Жанейро қаласының тумасы. Спортшылар бір-бірімен бала кезінен таныс. Бір футзал командасында ойнаған. 13 жасына дейін Марсело футзал ойнап, кейіннен үлкен футболға ауысқан.

Игита Қазақстанда 2009 жылдан бері ойнап келеді. Алғашқы маусымын "Тұлпар" командасында өткізген. Кейіннен аз уақыт Португалияның "Белененсиш" командасына өтіп, одан кейін "Қайратқа" ауысқан. Алматылық клуб сапында 7 маусым ойнап, екі рет УЕФА кубогын (2013,2015), жеті рет ел чемпионы атанды.

2013 жылы қақпашы Қазақстан төлқұжатын алып, ұлттық құрамада ойнауға мүмкіндік алды. Қазақстан құрамасы сапында 2016 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ Колумбиядағы әлем чемпионатына қатысты.