NHL хоккейшілері Олимпиада ойындарына қатыспайды

О Сансызбай Корреспондент
NHL хоккейшілері Олимпиада ойындарына қатыспайды
Фото ©️ sports.ru

АҚШ пен Канада елінің командалары бақ сынайтын әлемдегі ең танымал кәсіби Ұлттық хоккей лигасы (NHL) 2018 жылы Пхенчханда өтетін қысқы олимпиада ойындарына қатысты өз күнтізбесін өзгертпейді. Нәтижесінде бұл лигада ойнайтын хоккейшілер Олимпиадаға қатыспайтын болады.

БӨЛІСУ

Қазіргі таңда NHL шешімі спорт сарапшылары арасында қызу талқыланып жатыр. Осыған дейін бұл лигада ойнайтын хоккейшілер Олимпиада ойындарына қатысып келген.

- Біз осыған дейін хабарлағандай, көп командалар 2017/2018 маусымдағы ойындардың уақытша тоқтатылғанын қолдамайды. Дегенмен біз кез келген ұйыммен (мысалы, ХОК, ХХҚО, т.б) ашық диалог құруға дайын болдық. Бірнеше айдан бері ешқандай келіссөздер жүргізілген жоқ. Сондықтан да бұл сұрақтар енді жабық қалғаны дұрыс, - деп жазды NHL ресми хабарламада.

Осыған дейін Халықаралық хоккей қауымдастықтары одағының (IIHF) президенті Рене Фазель NHL хоккейшілерін Олимпиадаға қатысуына рұқсат бермеген күнде де, жарысқа өзгерістер енгізілмейтінін айтқан болатын.

- NHL хоккейшілерінің қатысуына қарсы болса да, Олимпиада ережесіне өзгерістер енгізілмейді. Ерлер арасындағы жарыстың ережесі, күнтізбесі сақталады. «U-23» (23 жасқа дейінгі хоккейшілер арасында) жүйесіне ауыстырмаймыз, - деген-ді.