Cерік Сәпиев «Astana Arlans» клубындағы қызметінен кетеді

О Сансызбай Корреспондент
Cерік Сәпиев «Astana Arlans» клубындағы қызметінен кетеді
Фото ©️ kaztrk.kz

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев «Astana Arlans» клубындағы директорлық қызметінен кетеді. Бұл туралы Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі хабарлады.

БӨЛІСУ

Серік Сәпиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты қатарына қосылғанына байланысты пікір білдірді. 

- Мәжіліс депутаты ретінде мен енді «Astana Arlans» клубының директоры қызметін атқара алмаймын. Дегенмен де мен клубқа жанкүйер боламын. Өйткені, мен бұл клубта екі жыл басшылық еттім. Бұл уақыттың ішінде біз WSB жобасының чемпионы атандық. Иә, депутат ретінде мен отандық спорттық дамуына бар күш-жігерімді салатын боламын. Бірақ «Astana Arlans» менің есімде мәңгі қалады. Себебі, бұл менің басшы ретінде атқарған бірінші жұмысым", - дейді Сәпиев. 

Еске салайық, бүгін, 28 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде "Нұр Отан" партиясының мүшесі ретінде Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу туралы шешім қабылданған болатын.