Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу шахматшысы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу шахматшысы атанды
Фото ©️ twitter.com

Қазақстандық шахмат спортының хас шебері Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу шахматшысы атанды. Халықаралық шахмат федерациясының ресми сайтында өткен сауалнамада отандасымыз хас сұлу атанды.

БӨЛІСУ

17 жастағы қазақ шахматшы қызына 9136 адам дауыс берген. Екінші орынға 23 жастағы өзбекстандық Сарвиноз Құрбонбоева ие болды. Ол 7848 дауыс жинапты. Үшінші орын 653 дауыс жинаған тәжік қызы Мутриба Хотамиге бұйырыпты. 

Айта кетейік, сайысқа бұл үш спортшыдан бөлек Польша, Әзірбайжан, Үндістан, Иран, Қырғызстан елінің шахматшы арулары қатысқан еді. 

Жансая Әбдімәлік - халықаралық дәрежедегі гроссмейстер. Қазіргі уақытта ол Халықаралық шахмат федерациясы тізген қыз-келіншектер арасындағы рейтингте 43-орында келеді.