Универсиада - 2017. Қазақтың үш аруы марапатталды

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
Универсиада - 2017. Қазақтың үш аруы марапатталды
Фото ©️ massaget.kz

Алматыда өтіп жатқан ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының алғашқы жеңімпаздары марапатталды. Аталған шарада ел қоржынына жүлде салған үш аруға медальдары табыс етілді. Фристайл-акробатикадан қазақстандық Жібек Арапбаева күміске қол жеткізсе, Жанбота Алдабергенова қола медальдан алқа тақты. Сондай-ақ Анна Шевченконың да шаңғы жарысынан иемденген қола медалі табысталды. 

БӨЛІСУ

Республика сарайының алдында өткен марапаттау рәсімінен қысқаша фотолар ұсынамыз.  

Назарларыңызда күміс жүлденің иесі отандасымыз - Жібек Арапбаева.

Фристайл-акробатикадан қола жүлдені еншісіне байлаған - Жанбота Алдабергенова

Тау шаңғысынан қола жүлдені қанжығасына байлаған Анна Шевченко қуанышын жасыра алмады. Оның күміс жүлдеден бар болғаны 2 секунд қана бөлді. 

Ресейге алтын сыйлаған ару, қарсыластарымен бірге суретке түсуде. 

Аннаның алдын ораған қос ресейлік.

Италия құрамасының қоржынына жүлде салған спортшы - Тентори Микелангело.