Шаңғышыларымыз жүлдесіз қалды

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
Шаңғышыларымыз жүлдесіз қалды
Фото ©️ Arnapress.kz

Алматыда өтіп жатқан Универисида ойындары барысында шаңғы жарысынан 10 шақырымға ерлер арасында жекелей сында сайысқа түскен спортшыларымыз жүлдесіз қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

БӨЛІСУ

Бұл сайыста ресейлік шаңғышы Валерий Готарға тең келер ешкім болмады. Ол 25:12.0 уақыт көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші орынды отандасынан 8,9 секундқа қалып қойған Дмитрий Ростовцев алды. Үшінші орын 25:33,8 уақыт көрсеткішіне ие болған француз Александре Пуйе бұйырды. 

Қазақстандық спортшылардың арасында үздік нәтижені Виталий Пухкало көрсетті. Ол мәре сызығынан бесінші болып өтті. 

Айта кетейік, 28-ші қысқы Универсида ойындарында Қазақстан құрамасы сапында әзірге бір ғана қола бар. Оны бес шақырымға шаңғы сайысынан сынға түскен Анна Шевченко алып берді.