«Таразды» Ваит Талгаев жаттықтыратын болды

О Сансызбай Корреспондент
«Таразды» Ваит Талгаев жаттықтыратын болды
Фото ©️ liter.kz

Өткен маусымда премьер-лигадан шығып қалған «Тараз» футбол клубын қазақстандық Ваит Талгаев жаттықтыратын болды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Жаттықтырушы бүгіннен бастап жұмысына кірісті. Ваит үшін тараздық команда таңсық емес. Ол 1996-1997 жылдары «Тараз» командасында жаттықтырушылық қызметте болған. 1996 жылы команданың жеңімпаз атануына көп септігін тигізген. Сондай-ақ 2010-2011 жылдары да «Таразда» жаттықтырушылық қызмет атқарған.

Жаттықтырушы «Атырау» футбол клубын да жаттықтырған. Ресейлік «Терек» командасымен 2004 жылы Ресей кубогын жеңіп алған.