«Барыс» Астанада «Авангардтан» басым түсті

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» Астанада «Авангардтан» басым түсті
Фото ©️ vk.com

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында «Барыс» Омбының «Авангард» клубынан басым түсті. Астанада өткен ойында Эдуард Занковец жаттықтыратын қазақстандық клуб қарсыластарын 3:1 есебімен ұтты.

БӨЛІСУ

Бірінші кезеңді «Авангард» ойыншылары жеңіспен аяқтады. 19 минутта Зубовтың шайбасы командасын алға шығарды. Екінші кезеңде хоккейшілер шайба соға алған жоқ. Ал үшінші кезеңде «Барыстың» асығы алшысынан түсті. 43 минутта Кирилл Панюков таразы басын теңестірді. Араға 3 минут сала Мартен Сен-Пьер «Барысты» алға шығарды. Ал ойын соңында Константин Пушкарев ашық қақпаны дәл көздеді.

«Барыс» — «Авангард» 3:1 (0:1, 0:0, 3:0)

Шайбалар:
0:1 — 18:32 Зубов (Пестушко). Тең құрамда
1:1 — 42:12 Панюков (Савченко, Шиннимин). Тең құрамда
2:1 — 45:32 Сен-Пьер (Шиннимин, Савченко). Тең құрамда
3:1 — 59:35 Пушкарёв (Кучин). Тең құрамда, ашық қақпаға

«Барыс»: Карлссон — Семёнов-Даллмэн, Доус-Бойд-Пушкарёв; Шалапов-Баркер, Шиннимин-Сен-Пьер-Панюков; Савченко-Липин, Худяков-Кучин-Иванов; Трясунов, Никулин-Гренц-Белгібаев, Тривино;

«Авангард»: Фурх — Медведев-Мартынов, Пережогин-Бут-Хохряков; Никитин-Меньшиков, Кучерявенко-Лемтюгов-Лаута; Григорьев-Густафссон, Зубов-Пестушко-Михеев; Осипов, Махановский-Юньков-Фищенко.

Айып уақыты: 4:8 (0:2, 2:0, 2:6)

Бас төреші: Сергей Гусев, Павел Комаров

«Авангардты» жеңген «Барыс» Шығыс конференциясында алтыншы орынға көтерілді. Келесі ойынын 4 қаңтар күні Астанада Мәскеудің «Спартак» клубына қарсы өткізеді.