Алматылық балуандар Қазақ күресі федерациясы кубогын жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
Алматылық балуандар Қазақ күресі федерациясы кубогын жеңіп алды
Фото ©️ facebook.com

Тараз қаласында өткен Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына орайластырылған клубтық командалар арасындағы Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының кубогына арналған турнирде алматылық балуандар топ жарды.

БӨЛІСУ

Жарысты Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы мен Жамбыл облысы әкімдігі ұйымдастырды.

Алматының "Qazaq kuresi" клубы финалда 2015 жылғы Кубоктың иегері Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің клубын жеңді. Жалпы есеп 4:4 болып аяқталып, алматылықтар белдесулердегі артық басымдықтар бойынша алға озды. Нәтижесінде "Qazaq kuresi" клубы 2016 жылғы қазақ күресі Федерациясы Кубогының және 10 миллион теңгенің иегері атанды. Екінші орын және 6 миллион семейліктерге тиесілі болса,  үшінші орын және 4 миллион теңге кілем қожайындары Жамбыл облысының қазақ күресі клубының еншісінде қалды.

Айта кетейік, Тараз боз кілеміндегі аламанға тоғыз команда қатысты.