Абылайxан Құсайынов венгр боксшысын жеңді

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Абылайxан Құсайынов венгр боксшысын жеңді
Фото ©️ vk.com

Канадада қазақстандық боксшы Абылайxан Құсайынов венгриялық боксшы Аттила Черекиямен кездесіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

БӨЛІСУ

Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған болатын. Алайда 20 жастағы венгр боксшысы Құсайыновтың қарқынына төтеп бере алған жоқ. Бұл жерлесіміздің үшінші жеңісі. Абылайхан әзірге жеңіліп көрген жоқ.

Әлемнің экс-чемпионы Давид Лемье мен аргентиналық Кристиан Риос арасында өткен бокс кешінде қазақстандық қос боксшы Батыр Жүкембаев пен Абылайxан Құсайынов та жұдырықтасқан болатын. Жүкембаев мексикалық боксшы Иван Перейраны бесінші раундта нокаутқа жіберіп, алтыншы жеңісіне қол жеткізді.