Денис Тен «Scate America» халықаралық турниріне қатыспайтын болды

О Сансызбай Корреспондент
Денис Тен «Scate America» халықаралық турниріне қатыспайтын болды
Фото ©️ massaget.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Чикагода өтетін «Scate America 2016» халықаралық турниріне қатыспайтын болды. Спортшы осыған дейін Братиславадағы жарысқа қатысудан да бас тартқан еді.

БӨЛІСУ

«Scate America 2016» халықаралық турниріне Денис Теннің неліктен қатыспайтыны әзірге белгісіз. Осыған дейін қазақстандық спортшы бұл додаға екі рет қатысқан болатын. 2014 жылы отандасымыз төртінші орын алса, 2015 жылы тоғызыншы орыннан көрінген еді.

Чикагодағы жарысқа 12 елден 58 мәнерлеп сырғанаушы қатысады. Жарыс 21-23 қазан аралығында өтеді. Тікелей эфирден «KazSport» арнасы көрсететін болады.