Ауыр атлетикадан 2017 жылғы әлем чемпионаты да АҚШ-та өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Ауыр атлетикадан 2017 жылғы әлем чемпионаты да АҚШ-та өтеді
Фото ©️ rsport.ru

Ауыр атлетикадан 2017 жылғы әлем чемпионаты да АҚШ-та өтетін болды. Малайзияның Пинанг қаласы бұл доданы өткізуден бас тартты.

БӨЛІСУ

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығының (IWF) президенті Тамаш Аянның хабарлауы бойынша дода АҚШ-тың Анахайм қаласында өтеді. 2017 жылдың 28 қарашасы мен 5 желтоқсаны аралығына жоспарланған.

- Біз 2017 жылғы әлем чемпионатының Пинангта өтпейтініне өкініш білдіреміз. Малайзия халқы спортшыларды қашан да зор қуанышпен қарсы алатын. Анахаймның бұл доданы өткізуді қолдарына алғаны үшін алғыс білдіреміз, қуаныштымыз, - деді Тамаш Аян.

Айта кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Олимпиада өтетін жылы ұйымдастырылмайды. 2015 жылғы жарыс АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен болатын.

Анахаймдағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының қатысуы неғайбыл. Себебі допинг дауына байланысты ұлттық құрама алдағы жылы біршама уақыт халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.