Бүгін Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші ойындар өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Бүгін Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші ойындар өтеді
Фото ©️ Day.Az

Бүгін футболсүйер қауым асыға күткен Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші ойындар өтеді. «Е», «F», «G» және «H» топтарындағы командалар жарыс жолына шығады.

БӨЛІСУ

Топтық кезеңдегі бүгінгі барлық ойындар Астана уақытымен сағат түнгі 00:45-те басталады. Қазақстандық жанкүйерлер «ОҢ-ТВ» арнасынан бүгін «Е» тобындағы «Байер» - «Тоттенхэм» ойынын тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ арна «Спортинг» пен «Боруссия Дортмунд» арасындағы кездесудің қайталауын ұсынатын болады. Олай болса, назарларыңызға бүгінгі ойындар кестесін ұсынамыз.

«Е» тобы

«ЦСКА» (Ресей) - «Монако» (Франция)
«Байер» (Германия) - «Тоттенхэм» (Англия) 

«F» тобы 

«Реал» (Испания) - «Легия» (Польша) 
«Спортинг» (Португалия) - «Боруссия» (Дортмунд, Германия) 

«G» тобы

«Лестер» (Англия) - «Копенгаген» (Дания) 
«Брюгге» (Бельгия) - «Порту» (Португалия) 

«H» тобы 

«Динамо» (Загреб, Хорватия) - «Севилья» (Испания)
«Лион» (Франция) - «Ювентус» (Италия)