Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Канадада жарқын жеңістерін тойлады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Канадада жарқын жеңістерін тойлады (видео)
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Батыр Жүкембаев, Абылайхан Хұсайнов пен Рустам Сваев Канаданың Монреаль қаласында кезекті жекпе-жектерін өткізіп, жарқын жеңістерін тойлады.

БӨЛІСУ

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын Батыр Жүкембаев мексикалық Рэнди Лосаноны үшінші раундта нокаутпен жеңді. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын.

25 жастағы отандасымыз кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал екі жекпе-жегі жоспарланғанмен, өтпей қалған болатын.

Жеңіл салмақта шаршы алаңға шығып жүрген Абылайхан Хұсайнов та қарсыласын нокаутпен ұтты. Ол канадалық Роди Винсентті үшінші раундта нокаутпен жеңіп шықты. Қазақстандық боксшының жойқын соққысынан кейін қарсыласы жекпе-жекті жалғастыра алған жоқ.

Абылайхан Хұсайнов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Алдағы уақытта боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан канадалық боксшы Давид Лемье жаттығатын команданың қатарына қосылуы мүмкін. Қос тарап арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр екен.

Монреальдағы бокс кешіне қазақстандық Рустам Сваев та қатысты. Ол үш раундқа жоспарланған жекпе-жекте қарсыласын төрешілер шешімі бойынша жеңіп шықты.