Атышулы Владимир Седов өзін мазақ қылған Алексей Нидің шақыртуынан бас тартты

Yernar Almabek Корреспондент
Атышулы Владимир Седов өзін мазақ қылған Алексей Нидің шақыртуынан бас тартты
Фото ©️ vesti.kz

Атышулы ауыр атлет Владимир Седов Рио олимпиадасына қатысуға шақырту алды. Ұлттық құрама бас бапкері Алексей Ни оған тағы бір мүмкіндік беріп көрмекші.

БӨЛІСУ

Тек ол үшін зілтемірші арнайы іріктеуден өтіп, өз салмақ дәрежесінде күшті екенін дәлелдеуі тиіс. 

Алайда бас бапкермен басы бір қазанға сыймай жүрген Седов ешқандай да іріктеуге қатыспаймын деп отыр. Себебі соңғы уақытта Ұлттық құрама сапынан қуылып, жарыстардан шеттетілген ол спорттық бабында емес екенін алға тартуда.

Сондықтан бас бапкер осы жағдайды тиімді пайдаланып, «мені ел алдында тағы да ұятқа қалдырмақшы» - дейді. Өйткені бұған дейінгі іріктеу жарыстарында олимпиадаға кімдердің баратыны белгіленіп қойған екен. Осылайша Алексей Ниден әбден көңілі қалған зілтемірші олимпиадаға барудан бас тартып, жақында спорттық мансабын аяқтайтынын жеткізді.

"Бас бапкер допинг дауынан кейін не істерін білмей қалды. Енді маған мүмкіндік беріп, бағыңды сынап көр дейді. Спортшы үшін бұдан асқан қандай мазақ керек?! Мен Алексей Нидің сөзіне сенуден қалдым. Алдағы уақытта бір жарысқа қатыссам деп жоспарлап отырмын. Содан кейін спортпен қоштасып, мансабымды аяқтаймын", - дейді Седов.

Дерек көзі: nur.kz