IWF Ильинді Пекинде де допинг қолданған деп айыптады

О Сансызбай Корреспондент
IWF Ильинді Пекинде де допинг қолданған деп айыптады

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинді 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиадада да допинг қолданған деп хабарлады. Бұл туралы ресми сайтында жазды.

БӨЛІСУ

Илья Ильин осыған дейін 2012 жылы Лондонда өткен Олиипиадада допинг қолданды деген айыппен уақытша спорттан шеттетілген болатын. Бұл қатарда Олимпиада чемпиондары Зульфия Чиншанло, Майя Манеза мен Светлана Подобедова да болған еді.

2008 жылы Пекинде өткен Олимпиадада допинг қолданды деп айыпталып отырған спортшылардың қатарында Илья Ильиннен бөлек əзірбайжандық Интигам Заиров, молдовалық Алеесандр Дудогло, армян Римсим Хуршудян, түрік Нурджан Тайлан, ресейлік Маарина Шайнова мен танымал ауыр атлеті Надежда Евстюхина да бар.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) қазақстандық ауыр атлеттерге қатысты шешімін 27 маусым күні шығарады. Бұл туралы осыған дейін мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Сенат отырысында хабарлаған болатын.