"Қайратқа" жаңа жаттықтырушы келді

О Сансызбай Корреспондент
"Қайратқа" жаңа жаттықтырушы келді
Фото ©️ fckairat.kz

Алматының "Қайрат" футбол клубын грузин маманы Кахабер Цхададзе жаттықтыратын болды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

- "Қайрат" футбол клубы танымал грузин жаттықтырушысы Кахабер Цхададземен келісімшартқа қол қойды. Келсімшарт негізі бойынша ол маусым соңына дейін алматылықты клубты жаттықтырады, - делінген ресми хабарламада. 

Кахабер Цхададзе спорттық мансабында Тблисидің "Динамо", немістің "Айнтрахт", Англияның "Манчестер Сити", Мәскеудің "Динамо" және "Спартак" клубтарында ойнаған. Ал жаттықтырушылық қызметін 2001 жылы Грузияның "Локомотив" клубында бастаған. Одан кейінгі уақытта "Сиони", Бакудың "Стандарт" және "Интер" клубтарын жаттықтырды. Соңғы рет Грузия ұлттық құрамасын жаттықтырған болатын. Қазіргі таңда Грузия құрамасын "Қайраттың" экс-бапкері Владимир Вайсс жаттықтыруда. 

Айта кетейік, "Қайрат" ФК маусымды сәтсіз бастап, ресейлік маман Александр Бородюк өз еркімен қызметінен кеткен еді.