Денис Тен әлем чемпионатында 11-орын алды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Денис Тен әлем чемпионатында 11-орын алды (видео)
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Бостонда (АҚШ) өткен әлем чемпионатында 11-орын алды.

БӨЛІСУ

Денис Тен қысқа бағдарламада 78,55 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтаған болатын. Еркін бағдарламада 151,58 ұпаймен бір саты ғана жоғарылады.

Бостондағы бәсекеде испан мәнерлеп сырғанаушысы Хавьер Фернандес (314,93) жеңіске жетті. Ол 2015 жылы Шанхайда өткен әлем чемпионатында да жеңіс тұғырынан көрінген еді. Екінші орынды жапон спортшысы Юдзуру Ханю (295,17) иеленсе, үшінші қытайлық Цзин Боян (270,99) ие болды.

Айта кетейік, Денис Тен әлем чемпионатына жарақатынан толық айықпай қатысты. Осыған дейін алған жарақаты жоғары нәтиже көрсете алмауына себеп болғандай.