Аршавин «Қайрат» клубында жаттығып жүр

О Сансызбай Корреспондент
Аршавин «Қайрат» клубында жаттығып жүр
Фото ©️ vk.com

Ресейлік футболшы Андрей Аршавин Алматының «Қайрат» клубында жаттығып жүр. Бұл туралы клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев баспасөз мәслихатында хабарлады. 

БӨЛІСУ

- Аршавин осында. Жақсы келіссөздер жүріп жатыр. Трансфер кезеңінің аяқталуына әлі біраз уақыт бар. Ол командамен жаттығып жатыр. Ол – кәсіби ойыншы. Қаламен танысуды жөн көрді. Оның өзі де дұрыс шешім қабылдауды жөн санайды. Ол біздің жаңа жаттықтырушымен жақсы қарым-қатынаста. Соңғы күнде барлығы сол туралы жазып жатыр. Қазақстан ғана емес, Ресей мен испан басылымдары да. Бізге тегін жарнама болды,-деді Қайрат Боранбаев.

Дегенмен ресейлік футболшы алматылық ұжымның жанкүйерлеріне арнап өткізген ашық жаттығуында бой көрсеткен жоқ.

Айта кетейік, ел премьер-лигасы 8 наурыз күні Суперкубок ойынымен басталады. «Астана-Аренада» жергілікті «Астана» мен «Қайрат» ойнайтын болады.