Зарина Дияс Дохадағы турнирді бірінші айналымда аяқтады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Зарина Дияс Дохадағы турнирді бірінші айналымда аяқтады
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Дохада басталған халықаралық турнирдің бірінші айналымынан аса алмады. Отандасымыз латвиялық Елена Остапенкоға есе жіберді.

БӨЛІСУ

1 cағатқа созылған ойында 18 жастағы Елена Заринаны 6:1, 6:3 есебімен жеңіп шықты. Нәтижесінде қазақстандық теннисші WTA рейтингінде төмендеп барады. Алдағы жаңаратын рейтингте Зарина (84-орын) еліміздің үшінші ракеткасы атанатын болады. Оны Ярослава Шведова (64-орын) басып озады. Ал қазіргі таңда Қазақстанның бірінші ракеткасы – Юлия Путинцева. Ол алдағы уақытта жаңаратын рейтингте 56-орынға тұрақтайтын болады.