Денис Тен төрт құрлық чемпионатына қатыспайтын болды

О Сансызбай Корреспондент
Денис Тен төрт құрлық чемпионатына қатыспайтын болды
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Тайвэйде өтетін төрт құрлық чемпионатына қатыспайтын болды. Бұл туралы спортшының «вконтакте» желісіндегі парақшасы хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Денис Теннің жарысқа қатыспайтынын чемпионаттың «twitter» желісіндегі парақшасы да растап отыр. Отандасымыз жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмайтын болды.

Төрт құрлық чемпионатына Денистен өзге екі спортшымыз қатысады. Олар - Дарын Жүнісов пен Анастасия Хромова.

Айта кетейік, Денис Тен төрт құрлық чемпионатына алты рет қатысқан. 2009 жылы – 9-шы орын, 2010 жылы – 10-шы орын, 2012 жылы – 6-шы орын, 2013 жылы – 12-ші орыннан көрінген болатын. Ал 2014 жылы бұл жарысты 4-ші нәтижемен аяқтаған еді. Ал  өткен жылғы төрт құрлық турнирі Сеулде өткен болатын. Ол кезде қос бағдарлама бойынша 289,46 ұпаймен жеңіс тұғырынан көрінген еді.