«Барыс» «Нефтехимиктен» де ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» «Нефтехимиктен» де ұтылды
Фото ©️ vesti.kz

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын «Барыс» Астанада Нижнекамскінің «Нефтехимик» клубына есе жіберді. Андрей Назаров шәкірттері өткен турда Омбының «Авангард» клубына есе жіберген болатын.

БӨЛІСУ

Елордалық клуб плей-офф кезеңіне шығу үшін барын салуда. «Нефтехимикпен» өткен ойын аса жоғары маңызға ие еді. Алайда қазақстандық клуб қарсыластарынан айласын асыра алмады. Ойында қонақтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Барыс» келесі ойынын да Астанада өткізеді. 27 қаңтар күні Челябинскінің «Трактор» клубымен ойнайды.