Рио-2016. Қазақстан қоржыны екі жолдамамен толықты

О Сансызбай Корреспондент
Рио-2016. Қазақстан қоржыны екі жолдамамен толықты
Фото ©️ nicstyle.ru

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) шоссе велоспортындағы жарыстарға іріктелген Ұлттық олимпиада комитеттерінің тізімі мен жолдама алатын спортшылар санына арналған квоталар санын жариялады. Қазақстандық велошабандоздар 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына екі жолдама иеленді.

БӨЛІСУ

Олимпиаданың іріктеу жүйесіне сәйкес, Қазақстан 602 ұпаймен «Азиа Турында» екінші орынды иеленген еді. Нәтижесінде Рио Олимпиадасында топтық жарысқа екі адамға және жеке жарыста бір адамға жолдама беріліп отыр.

Негізінен Олимпиаданың топтық сайысында барлығы 144 велошабандоз бақ сынайды. Жекелей жарысқа 40 спортшы қатысатын болады.