Алексей Полторанин «Тур де Ски» жарысында бесінші орын алды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Алексей Полторанин «Тур де Ски» жарысында бесінші орын алды
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин «Тур де Ски» көпкүндігінде бесінші орын алды.

БӨЛІСУ

Жарыстың соңғы кезеңі Италияның Валь-ди-Фьемме аймағында өтті. Спортшылар еркін стильде 9 шақырымға созылған Альпе Чермис биігіне көтерілді.

Мәре сызығын бірінші болып норвег Мартин Сундбю кесті. Нәтижесінде үшінші рет «Тур де Ски» жарысында топ жарып, рекорд орнатты. Екінші орын да норвег спортшысына бұйырды. Финн Крог күміс жүлдені қанағат тұтты. Үшінші орынды ресейлік Сергей Устюгов жеңіп алды. Төртінші орынды да норвег спортшысы Питер Нортуга иеленсе, бесінші орын отандасымыз Алексей Полторанинге бұйырды.

Айта кетейік, осыған дейін Алексей Полторанин Оберстдорфта (Германия) 15 шақырымдық классикалық жарыста алтын, кейіннен 15 шақырымдық және 1,4 шақырымдық сында қола алған болатын.