Kazsport комментаторларға кастинг жариялайды

Серікбол Ерсін Корреспондент
Kazsport  комментаторларға кастинг жариялайды
Фото ©️ sports

Кастинг 14 қараша күні "Қазақстан" РТРК АҚ Алматы филиалының ғимаратында өтеді. 

БӨЛІСУ

Үміткер түйіндемесін 12 қараша күнгі кешкі 22.00–ге дейін kazsporttv.kz@mail.ru поштасына жіберу қажет. Бұл — телеарнаның 2015 жылы жалпы төртінші, Алматыда өткізіліп отырған бірінші байқауы.

"Kazsport" телеарнасы үміткерлерден кастингке жауапкершілікпен дайындалып, өздері мен өзгенің уақытын бағалауды сұрайды. Байқауда футбол, хоккей және басқа да командалық спорт түрлері мен жекпе-жек сайыстарынан материалдар пайдаланылады. 

Ескерту: Үміткерлерде өзімен бірге төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы шарт.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Желтоқсан даңғылы 177.