«Барыс» бапкерсіз қалды

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» бапкерсіз қалды
Фото ©️ tantv.kz

Құрлықтық хоккей лигасында ел намысын қорғайтын «Астананың» «Барысы» бапкерсіз қалды. Клубтың маусым басындағы сәтсіздігінен кейін Ерлан Сағымбаев қызметінен кетті. 

БӨЛІСУ

Қазақстандық клубтың ресми сайты таратқан ақпарат бойынша, кеше «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры қамқорлық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша, бас бапкер Ерлан Сағымбаев пен көмекшісі Раймо Хелминен қызметінен босатылды. Жаттықтырушы мамандардың қызметінен кетуіне клубтың сәтсіздігі себеп болған.

Алдағы уақытта бас бапкердің қызметін Евгений Корешков атқаратын болды. Клуб ертең сырт алаңда «Авангардқа» қарсы кездесу өткізеді.