«Барыс» «Сочиден» басым түсті (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» «Сочиден» басым түсті (видео)
Фото ©️ vk.com

Құрлықтық хоккей лигасында ел намысын қорғайтын Астананың «Барысы» өз алаңында «Сочиді» жеңді. «Қазақстан» мұз айдынында өткен ойында отандастарымызға жеңіс сыйлаған шайбаны овертаймда Найджел Доус соқты.

БӨЛІСУ

Қос команда ойынды сақтықпен бастады. Тең дәрежеде өтіп жатқан ойынның бірінші кезеңі аяқталар тұста қонақтардың шабуылы сәтті аяқталды. Никита Щитов «Сочиді» алға шығарды. Екінші кезеңде Евгений Скачков «Барыс» қақпасына тағы бір шайба тоғытты. Араға 2 минут сала Никита Михайлис есепті қысқартты. 35 минутта Кевин Далмэн таразы басын теңестіріп, жергілікті жанкүйерлерді қуантты. Ал овертаймда Найджел Доус «Барысқа» жеңіс сыйлаған шайбаны соқты.

Ерлан Сағымбаев жаттықтыратын клуб келесі ойынын 16 қыркүйек күні өткізеді. Уфада жергілікті «Салават Юлаев» клубымен кездесетін болады.