Қазақстан жасөспірімдер құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады
Фото ©️ kff.kz

Бүгін 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Жасөспірімдер арасындағы ұлттық құрама 9-15 қыркүйек аралығында оқу-жаттығу жиындарын жүргізеді. 12 қыркүйек күні Қырғызстан жасөспірімдер құрамасымен жолдастық кездесу өткізу жоспарланған. 16 қыркүйек күні футболшылар Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары аясында Хорватияға жол тартады. Қазақстан құрамасының қарсыластары - Венгрия, Хорватия және Черногория құрамалары.

Жаттықтырушылар қосыны оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Олег Грубов («Қайрат»), Егор Цуприков («Болат»), Бекжан Тоқтарбай («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Виктор Зябко («Оқжетпес»), Рүстем Әбдіразақов («Бәйтерек»), Руслан Әлімбаев («Шахтер»), Айбар Темірбаев («Ақтөбе»), Валерий Леньков («Ертіс»), Мейіржан Кәмбіл («Бәйтерек»), Болат Тыныбек («Бәйтерек»);

Жартылай қорғаушылар: Максим Котов («Қайрат»), Рашид Люхай («Қайрат»), Максим Гладченко («Бәйтерек»), Ардақ Сәулет («Астана»), Александр Стародубов («Қайрат»), Айболат Макуов («Атырау»), Демият Сламбеков («Бәйтерек»), Геворг Наджарян (ЦСКА, Ресей);

Шабуылшылар: Виктор Пронь («Астана»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Арман Смайылов («Ертіс»), Владислав Васильев («Шахтер»), Мәдижан Айтпаев («Бәйтерек»)

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын Ойрат Сәдуов жаттықтырады.  

Ақпаратты орыс тілінде vesti.kz сайтынан оқи аласыздар.