Василий Левит финалда өзбек боксшысын жеңді

О Сансызбай Корреспондент
Василий Левит финалда өзбек боксшысын жеңді
Фото ©️ vk.com

Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында Василий Левит жеңіс тұғырынан көрінді. Отандасымыз финалда өзбек боксшысы Рустам Тулагановты ұтты. Ал Әділбек Ниязымбетовтің қарсыласы шешуші шайқасқа шыққан жоқ.

БӨЛІСУ

Бірінші раундта Василий Левиттің қарсыласы ширақ қимылдады. Нәтижесінде төрешілердің барлығы өзбек боксшысына ұпай берді. Екінші раундтан бастап қазақстандық боксшы барын сала бастады. Қарсыласының осал тұсын тауып, жойқын соққыларын дарыта білді. Үшінші раундта да Василий Левит ширақ қимылдап, жеңімпазға лайық жекпе-жек өткізді.

81 келіге дейінгі салмақта Әділбек Ниязымбетовтің қарсыласы өзбек Эльшод Расулов жарақатына байланысты жекпе-жекке шыққан жоқ. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 4 алтын 1 күміс 1 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.