Ярослава Шведова жұптасып өнер көрсетуден WTA турнирінде финалға шықты

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Ярослава Шведова жұптасып өнер көрсетуден WTA турнирінде финалға шықты
Фото ©️ КТФ

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова жұптасып өнер көрсетуден Цинциннатиде өтіп жатқан WTA турнирінде аустралиялық Кейси Деллакуамен бірге финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Жартылай финалда олар Тайвань елінің спортшылары Чуан Чиа-Цзюн мен Се Шувэйді 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 2,4 миллион доллар. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Ярослава Шведова мен Кейси Деллакуаның финалдағы қарсыластары әзірше белгісіз. Олар Мартина Хингис (Швейцария) - Саня Мирза (Үндістан) және Хао-Чин Чань (Тайвань) - Юн Цзань Чань жұптарының жеңімпазымен кездеседі. Турнир аясындағы кездесу 23 тамызға қараған түні болады. Турнир туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.