«Астана» плей-оффтағы ойынын өз алаңында өткізетін болды

О Сансызбай Корреспондент
«Астана» плей-оффтағы ойынын өз алаңында өткізетін болды
Фото ©️ stadiums.at.ua

Футболдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан елордалық «Астана» Қазақстандағы ойынын өз алаңында өткізетін болды. Осыған дейін ойын Алматының орталық стадионында өтеді деп хабарланған болатын.

БӨЛІСУ

«Астана» мен «АПОЭЛ» арасындағы бірінші ойын «Астана-Аренада» өтетін болып, өз шешімін тапты. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хaбарлап отыр. Осыған дейін елордалық клубтың жанкүйерлері плей-офф кездесуін Астанада өткізу туралы өтінішпен мәдениет және спорт министрлігіне үндеу жариялаған еді.

Айта кетейік, қос клуб арасындағы бірінші ойын 18 тамызда өтеді.