Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль түсті

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан қоржынына кезекті алтын медаль түсті
Фото ©️ kazathletics.kz

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында эстфеталық жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 11-ші орнын сақтап қалды.

БӨЛІСУ

Виктория Зябкина, Юлия Рахманова, Светлана Иванчукова және Анастасия Тулапина бақ сынаған эстафеталық сында Қазақстан құрамасы қарсыластарынан оқ бойы озық келді. Отандастарымыздың уақыты 44,28 секундты құраса, екінші орын алған АҚШ құрамасы мәре сызығын 44,95 секундта кесті. Үштікті Таиланд құрамасы (45,3 сек) қорытындылады.  

Айта кетейік, Виктфория Зябкина осыған дейін 100 және 200 метрге жүгіруде де алдына жан салмаған болатын. Жазғы Универсиада 14 шілде күні мәресіне жетеді.