Геннадий Головкин қазіргі заманғы әсер қалдырғыш боксшылар тізімінің екінші орнында тұр

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Геннадий Головкин қазіргі заманғы әсер қалдырғыш боксшылар тізімінің екінші орнында тұр
Фото ©️ tn.kz

Қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Bleacher Report басылымы жасаған қазіргі заманғы әсер қалдырғыш боксшылардың тізімінде екінші орында тұр. Еске сала кетейік, 33 жастағы спортшы 17 мамырда америкалық кіші Вилли Монро нокаутқа түсірген болатын.

БӨЛІСУ

"Монро Головкинді бірнеше рет ұрды, дегенмен қазақстандық боксшы мұны сәлемдесу ретінде қабылдап, кейін жауап қайтарды. Мұны big-drama show деп атайды", - деп жазды басылым. Айта кетейік, басылымның рейтингінде бірінші орында 24 жастағы никарагуалық Роман Гонсалес тұр. Роман аса жеңіл салмақта 35 жастағы экс-чемпион, мексикалық Эдгар Сосаны уақытынан бұрын жеңген. 

Еске сала кетейік, 17 мамырда Головкин Вилли Монро кішіні нокаутқа түсірген. Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жегі үшін мансап жолындағы ең көп гонорар алады. Кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Головкин қыркүйек айында америкалық Флойд Мейвезер кішіге қарсы шығуға дайын екенін мәлімдеді.