Зарина Диас Эжени Бушарды жеңе алмады

О Сансызбай Корреспондент
Зарина Диас Эжени Бушарды жеңе алмады
Фото ©️ wtatour.ru

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Римде өтіп жатқан «BNL d’Italia-2015» халықаралық турнирін аяқтады. Отандасымыз екінші айналымда әлемнің алтыншы ракеткасы Эжени Бушарға есе жіберіп алды.

БӨЛІСУ

Жүлде қоры 2,43 миллион АҚШ долларын құрайтын жарыстың екінші кезеңіндегі Зарина мен Эжени арасындағы ойын 1 сағат 26 минутқа созылды. Бірінші сетте канадалық теннисші 6:3 есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте 5:0 есебімен алға озған. Алайда қазақстандық теннисші 4 гейм қатарынан қарсыласын жеңгенмен, шешуші геймде есе жіберіп алды. Енді Зарина Диас 17 мамыр күні Францияның Страсбург қаласында басталатын турнирге қатысады.

Айта кетейік, Римдегі жарыста қазақстандық Ярослава Шведова австралиялық Кейси Деллакквамен бірге жұптық бәсекеде Сабин Лисицки (Германия)/Елена Веснина (Ресей) жұбын 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, екінші айналымға өтті. Мадридтегі турнирде қазақстандық және австралиялық теннисшілер жұптық жарыста жеңімпаз атанған болатын.