Зарина Диас Римдегі турнирді жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
Зарина Диас Римдегі турнирді жеңіспен бастады
Фото ©️ sk-sport.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Римде басталған WTA санатындағы халықаралық турнирді сәтті бастады. Отандасымыз бірінші ойынында болгар елінің теннисшісі Цветана Пиронковадан 7:5 және 6:1 есеп айырмасымен басым түсті.

БӨЛІСУ

Заринаның екінші айналымдағы қарсыласы осал болмай тұр. Ол – Эжени Бушар. Канада елінің намысын қорғайтын теннисші қазіргі таңда WTA рейтингінде 6-шы орынға орналасқан. Ал Зарина Диас 34-ші орында. Екі теннисші арасындағы ойын 13 мамыр күні өтеді. Айта кетейік, Римдегі турнир – «Роллан Гаррос» алдындағы соңғы ірі жарыс.