Головкин Мейвезермен немесе Пакьяомен кездесуді армандайтынын айтты

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Головкин Мейвезермен немесе Пакьяомен кездесуді армандайтынын айтты

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық кіші-Флойд Мейвезермен немесе филиппин Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуды армандайтыны жайлы мәлімдеме жасады. Айта кетейік, соңғы екі боксшы 2 мамырда Лас-Вегаста кездеседі, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

БӨЛІСУ

"Иә, олар pound for рейтингінің біріншісі мен екіншісі. Бұл менің арманым - Флойдпен немесе Мэннимен жұдырықтасу. Менің салмағым - 160 фунт, олардыкі - 147. 154-те біз кездесу ұйымдастыра алатын едік. Бұл үлкен келісімшарт болар еді", - деп келтіреді Головкиннің сөзін Boxingjunkie.com.

Әлемнің ең атақты боксшыларымен кездесуге қол жеткізудің қиындығы жайлы сұраққа Головкин күлкімен жауап берді: "Өмірім осындай. Біреудің менімен кездескісі келмегені үшін ренжіп, ашуланбаймын".

Геннадий Головкин келесі кездесуін 16 мамырда Лос-Анджелесте америкалық кіші-Вилли Монромен өткізеді. Ол WBC белбеуіне таласып көрмек. "Монро мен үшін қиын қарсылас, себебі ол солақай. Оның жылдамдығы жақсы, бірақ мен қандай қарсылас болмасын, жеңіп кететін мүмкіндігім болғанын қалаймын", - деді қазақстандық боксшы. 

сурет: tn.kz