Астанада 2014 жылдың үздік ауыр атлеттері марапатталды

О Сансызбай Корреспондент
Астанада 2014 жылдың үздік ауыр атлеттері марапатталды

Астана қаласында 2014 жылдың ең үздік ауыр атлеттері атанған отандасымыз Илья Ильин мен ресейлік Татьяна Каширина мәртебелі сыйлықтарымен марапатталды.

БӨЛІСУ

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2014 жылдың үздік ауыр атлеттерінің есімін наурыз айында атаған болатын. Ерлер арасында Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин үздік деп танылса, әйелдер арасында ресейлік Татьяна Каширина үздік шыққан еді. Үздіктерді анықтау IWF ресми сайтында жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталған болатын.

Астанада өткен спортшыларды марапаттау салтанатында спортшыларға сыйлықтарын IWF президенті Томаш Аян мен вице-президент Нику Влад табыстады.

Сурет: vesti.kz