24 сәуірде дзюдо күресінен әлем біріншілігіне билеттерді сату басталады

О Сансызбай Корреспондент
24 сәуірде дзюдо күресінен әлем біріншілігіне билеттерді сату басталады

Бүгін Астана қаласында «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «KAZTICKET» ЖШС арасында әлем чемпионатының билеттерін сату жөнінде келісімшартқа қол қойылды.

БӨЛІСУ

2015 жылғы дзюдодан Олимпиада ойындарына лицензиялық ұпайлар тарататын әлем чемпионаты 24-30 тамыз аралығында Астана қаласында өтеді. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл доданың маңызы жоғары. Оған әлемнің ең үздік балуандары қатысатын болады. Отандастарымыздың да Олимпиада жолдамасы үшін өтетін белдесулерде негізгі ұпайларды иеленіп қалуға мүмкіндігі мол. Расында да байрақты бәсекенің елімізде ұйымдастырылуы ел спорты үшін ғана емес, дзюдошыларымыздың да жеңіске жету үшін талпынуына қамшы болары сөзсіз.

Дүбірлі доданың билеттерін сату kazticket.kz және www.worldjudo2015.kz сайттары арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, «KAZTICKET» ЖШС Астана қаласында, Конгресс-Холда, «Қазақстан» орталық концерт залында, М.Горький атындағы театрда және «Тұран-18» бизнес орталығында орналасқан жеке кассалардан сатып алуға болады. Әзірге, билеттердің құны айтылған жоқ.

Қазіргі таңда дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Кувейтте өтетін Азия чемпионатына дайындығын пысықтауда. Жарыс 13-15 мамыр аралығында өтеді.  

Сурет: fdk.kz