«Жылдың үздік ауыр атлеті» сыйлығы Астанада табысталады

О Сансызбай Корреспондент
«Жылдың үздік ауыр атлеті» сыйлығы Астанада табысталады

Ауыр атлетикадан 2014 жылдың үздік спортшылары атанған отандасымыз Илья Ильин мен ресейлік Татьяна Каширинаға мәртебелі сыйлықтары Астана қаласында табысталатын болды.

БӨЛІСУ

Наурыз айында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2014 жылдың үздік ауыр атлеттерінің есімін атаған болатын. Ерлер арасында Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин үздік деп танылса, әйелдер арасында ресейлік Татьяна Каширина үздік шыққан еді. Үздіктерді анықтау IWF ресми сайтында жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталған болатын. Мәртебелі марапат IWF шешімімен 24-сәуірде Астана қаласында табысталатын болды.

«Жылдың үздік ауыр атлеттерін» марапаттау рәсіміне IWF президенті Томаш Аян, вице-президент Нику Влад және «Worldweightlifting» журналының қызметкерлері келеді. Ұйымдастыру шараларына IWF, ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы қолдау білдіріп отыр. 

Cурет: sport.gazeta.kz