Қазақстан жастар құрамасына Германиядан төрт футболшы шақырту алды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан жастар құрамасына Германиядан төрт футболшы шақырту алды

Футболдан Қазақстан жастар құрамасына да Германиядан ойыншылар шақырту алды. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Наурыз айының басында Германия азаматы Александр Меркель Қазақстан футбол федерациясымен келісімге келіп, біздің елдің намысын қорғайтыны белгілі болған еді. Енді жастар құрамасына да неміс ойыншылары көмекке келмек.

Бүгін айтылғандай, Саулюс Ширмялис жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасына Роберт Бергер («Энерги», 1996 ж.), Андрей Старцев («Санкт-Паули», 1994 ж.), Иван Саханенко («Саарбрюкен», 1997 ж.) және шабуылшы Макс Шибак («Швайнфюрт», 1995 ж.) сынды Германияда доп теуіп жүрген төрт футболшы шақырту алғаны белгілі болды.

Қазақстан жастар құрамасының орталық алаңында олқы тұстар бар – орталық қорғаушы, орталық жартылай қорғаушы және шабуылшы, - дейді Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Саулюс Ширмялис. – Қазіргі уақытта біз команданы күшейту жолдарын қарастырып жатырмыз. Дубль және бірінші лига командаларымен қатар, арғы тегі қазақстандық саналатын және шетелдік чемпионатта ойнайтын қазақстандық футболшыларды бақылауда ұстап келеміз. Алдағы оқу-жаттығу жиынына Германиядан төрт футболшы шақырылды. Олардың арғы тегі қазақстандық, сондықтан футболшылар тарихи Отанында ойнауға ниет білдіріп отыр. Біз оларды қарап шығамыз. Егер Қазақстан жастар құрамасын күшейте алатын болса, онда олар әріқарай командаға шақырту алатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 23-31 наурыз аралығында Қазақстан жастар құрамасы Эстонияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Сурет: bild.de

Оқи отырыңыз

Немістерден қандай жеңіс күтеміз?

Александр Меркель Қазақстан құрамасы сапында ойнайтын болды

Қазақстанның ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші қашан түзеледі?

Ерлан Қожағапанов: Қазақстанда әрбір бала футболмен айналысуға мүмкіндік алса деп армандаймын