«Арландар» екі кездесуін Шымкентте өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
«Арландар» екі кездесуін Шымкентте өткізеді

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) бақ сынап жатқан «Astana Arlans» V маусымдағы өз алаңындағы соңғы екі кездесуін Шымкент қаласында өткізетін болды.

БӨЛІСУ

Марат Жақиев жаттықтыратын қазақстандық клуб «В» тобында осыған дейін өткізген сегіз кездесуінде де жеңіске жетті. Бірінші айналымда қазақстандық клуб көп кездесулерін өз алаңында өткізді. Енді елімізде өтетін екі кездесу ғана қалды. Екеуі де Шымкент қаласында өтетін болады.

13 наурыз Шымкенттегі жеңіл атлетика спорт кешенінде «Astana Arlans» Польшаның  «Rafako Hussars Poland» клубының боксшыларымен жұдырықтасады. Ал араға бір апта сала Әзірбайжанның «Azerbaijan Baku Fires» клубымен кездеседі. Билеттер Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның кассаларында сатылуда. Айта кетейік, «Astana Arlans» клубы өз жекпе-жектерін Шымкентте алғаш рет ұйымдастырып отыр. Осыған дейін Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында кездесулерін өткізген болатын.  

Қазақстандық клубтың алдағы жекпе-жекке шығатын құрамы жақын күндер белгілі болады. 

Сурет: vk.com

Оқи отырыңыз

Жаңа маусымдағы «Astana Arlans» сапына кімдер қосылды?

«Astana Arlans» V маусымды жеңіспен бастады

«Astana Arlans» Польшада «Hussars Poland» клубын жеңді

«Astana Arlans» Губада «Baku Fires» командасын жеңді

«Арландар» «Нокаутшыларды» нокаутқа жіберді